Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

1639
Adyrna.kz Telegram
Сурет: «Дарын» РҒПО
Сурет: «Дарын» РҒПО

Сауд Арабиясында өткен IChO - 2024 химия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Елімізден барған оқушылардың барлығы да жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Дарын» РҒПО-ға сілтеме жасап.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың қатарына кіреді. Биыл қазақстандық жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті. Атап айтсақ:

Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы (1-орын);

Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы (1-орын);

Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы (2-орын);

Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (3-орын). 

Қазақстан құрама командасының жетекшілері Азамат Жақсылықов пен Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Айта кетейік, халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ ақшалай сыйақы табысталады. Алтын медаль үшін 1500 АЕК (5 538 000 теңге), күміс медаль үшін 1000 АЕК (3 692 000 теңге), қола медаль үшін 500 АЕК (1 846 000 теңге) төленеді және оқушыларды дайындаған тәлімгерлерге де марапат қарастырылған.

Пікірлер