Алматы әуежайында мас күйінде шу шығарған жолаушы рейстен шығарылды

2054
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ұшақ жолаушысы мас күйінде бортқа отырмақшы болып, полицияға бағынбағаны үшін рейстен шығарылып, қамауға алынды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жолаушы Алматыдан Сочиге ұшпақ болған. Ұшаққа отырғызу кезінде ол мас күйінде авиакомпания қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, агрессивті мінез көрсетіп, түсініктемелерге жауап бермеген.

"Тұтқындау кезінде әйел полицияның талабын орындамаған. Әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оның үстінен мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді", – деді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат бұған дейін де алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны белгілі болды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер