Жантүршігерлік жол апатынан 16 көлік жанып кетті

2123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_4610.jpeg
23 тамызда күні Жетісуда 16 көлік жанып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апаты болды. Жетісу облыстық ПД жол апаты кешке 18:15 шамасында болғанын хабарлады. Екі жүк көлігі соғылған. Артынша 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болғаны анықталды. "Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Комментарии