Мектеп оқушысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі. Күдіктілер саны сегізге жетті

1733
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерді деп айыпталғандардың саны сегізге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп. Облыстық ПД дерегіне сәйкес аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша тергеліп жатыр.
"Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар", – делінген министрлік жауабында.
16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеу бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Комментарии