Qarmet қызметкерлерінің қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

1577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_7259.png
«Qarmet» АҚ қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеп. «Бүгінгі күні бірқатар БАҚ-та және телеграм-каналдарда «Qarmet» АҚ қызметкерлері демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде оқыс оқиға орын алды деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған», - делінген хабарламада. Мәліметтерге сәйкес, демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде «Қазмеханомонтаж» ЖШС кәсіпорнының жұмысшылары апатқа ұшыраған. «Qarmet» АҚ «Қазмеханомонтаж» ЖШС-нің қайтыс болған жұмысшыларының отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін 25 тамызда Теміртаудағы “Qarmet” ЖШС-ның екі қызметкері жұмыс барысында апатқа ұшырап қаза тапқаны жайлы жазған едік.
Комментарии