Сыныптастар мінген көлік. Жол апаты кезінде кәмелетке толмаған балалар ауыр жарақат алды

1108
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған сыныптастардың арасында кішкентай балалар болған. Ол ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 тамызда жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқан еді. Ал жол апаты салдарынан ауыр жарақат алғандар ем алып жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі екі науқас Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы ауруханада емделіп жатқанын хабарлады.

«Сегіз жасар баланың жағдайы өте ауыр. Шамала оң өзгеріс бар. 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты ауыр. 10 жасар бала санавиациямен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жол апатынан жарақат алған адамдардың жағдайын жақсарту бағытында қолдан келгеннің бәрін жасауда», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік,  Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Пікірлер