Жан мен Тәнге келетін адамдардың орта жасы 50 -60 жас. Жартысынан астамының жоғары білімі бар.
Мен денсаулық жайлы сабақтарымды барынша қазақтың жалпақ тілімен, 9-10 жастағы баланың деңгейіне түсіп беруге тырысамын.
1 сағаттан соң берілген материалды сұрасаң біреуі бір сұрағыңа мандымды жауап бере алмайды. Қайта түсіндіріп, қайта сұрасаң тағы да сол мөлиіп отырады.
"Биыл 2 кітап оқыған адамдар қол көтеріңіздерші" деп сұрағанда 100 адамның ішінен бірде-біреуі қол көтермейді. Әр ағым келген сайын осы.
Инстаграмды мен ТОПАСТАНГРАМ деп атап едім, сол өз қызметін жақсы атқарып жатыр екен!
Оған енді "Тик Ток- Ми Жок" деген пәле қосылып тіпті жақсы болды.
Бұлай кете берсе енді 5-10 жылда МӘҢГҮРТ елге айналамыз ау.