Экс-министр Маржықпаев қызметтен кеткен соң мәлімдеме жасады

1776
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/09e596515c3d4591843c132462e5f922-960x500.jpeg?token=73411dd3207bd209e51dbc68018a0ecb
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін туризм және спорт министрін қызметінен босатты. Экс-министр Ермек Маржықпаев желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Экс-министр Ермек Маржықпаев президент пен үкіметке алғыс айтты. “Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін”, – деді ол. Айта кетейік, сенбі күні Президент министрді қызметтен босатты.
Комментарии