Оралда жолаушылар автобусы өртенді

1618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/36481f44-0cf9-46ae-86d3-d105758588a6-960x500.jpeg?token=d29ee6a0dc6b5c2adadd7e78505ddba6
Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Өрт туралы БҚО ТЖД  баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да болған. «Омега» зауыты маңындағы көпірде жолаушылар автобусы өртенген.
«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Комментарии