ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА «ШАХРИСТАН» КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

4566
Adyrna.kz Telegram

"Шахристан" тарихи-мәдени кешені Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілуі керек. Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Жиында «Шахристан» кешенінің құрылыс жұмыстарына жауапты штабтың есебі тыңдалып, сала мамандары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Асқар Исабекұлының айтуынша, кешенншеннң құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Сондықтан да аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жандандыра түсу керектігін сала басшыларына мықтап тапсырды. Нақтырақ айтсақ, кешеннің құрылыс жұмысын дер кезінде аяқтау үшін екі ауысымдық режимге жаңа жұмыс кестесі бекітіліп, 24 сағат бойы тынбай еңбектену қажет. Әйтсе де, аймақ басшысы жұмысты жандандырамыз деп, құрылыстың сапасына жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертті.
Сондай-ақ, өңір басшысы жұмыс қарқыны артқан сәтте туындайтын құрылысқа қажетті материалдарды дер кезінеде жеткізіп тұру өте маңызды екенін айтты. Сол себепті ол құрылыс заттарын өндіруші кәсіпорынмен алдын ала келісім-шартқа отырып, жұмысты кідіртпеу керек екенін ескертті.
Облыс басшысы «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы күнделікті өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы көлемі 200 гектардан астам аумақты алып жатқан «Шахристан» кешенінде көркем сурет галереясы, музей, көрме және руханият орталығы, қолөнер шеберханасы, мейрамхана, сонымен қатар амфитеатр және көлемді сағат стелласы сияқты бірнеше нысан бой көтереді.
Бұдан бөлек, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру, жол қозғалысы мәселелері бойынша баяндама жасады. Қазіргі таңда Таразда барлығы 1330 даңғыл, көше, бұрылыс болса, оның 39 пайызы асфальтбетонды жолдар болып саналады. Ал қаланың қалған 61 пайыз жолы шағал, топырақты көшелер. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы 500 миллион теңге бөлінсе, биыл 2,1 миллиард теңге қарастырылған. Аталған қаржының 1 миллиард теңгесі қалалық бюджетке, 1,1 миллиард теңгесі облыстық қазынаға тиесілі.
Асқар Исабекұлы қала ішіндегі жолдардың сапасы сын көтермейтінін ашық айтты. Тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, жаңа жолдар салу керектігін тапсырды.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер