5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының концерті көрермен көңілінен шықты

632
Adyrna.kz Telegram

Мыңдаған көрермендер мен қатысушылар, дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жанкүйерлері Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының керемет концерттік бағдарламасының куәсі болды.

Ақмола облысының 700-ден астам қатысушысы «Думанды дала» салтанатты концерттік бағдарламасына қатысты.

Үздік хореографиялық ансамбльдердің қатысуымен «Арайлы Ақмола» музыкалық-хореографиялық композициясы: 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі, жетекшісі-«Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина, 25 жылдық тарихы бар «Он алтын қыз» халықтық би ансамблі, жетекшісі-Мадина Досмағамбетова, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблі, жетекшісі-Томирис Жанспаева, Қосшы қаласы мен Целиноград ауданының 500 жас домбырашыларының бірлескен ансамблі.

Мерекелік бағдарламаға көрнекті мәдениет қайраткерлері: К.Күмісбеков атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекші және бас дирижері Жанат Рашит, «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева және жиынтық хоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Салтанат Ахметова, Жамиля Жарқымбаева, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Эльмира Төлеубаева, Талғат Галеев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Нұрмұхан, Зәмзәгүл Смағұл, Диана Алтай, Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Ринат Нұрмұхан, Бекұлан Ерболатұлы, Бауыржан Балтин, Саят Бабаев, Айнабек Оразалы, «Ұланғасыр» квартеті, мәдени бағдарламаның режиссерлық тобы «Мәдениет саласының үздіктері» Әлия Құрманова және Нүргүл Шәйкенова. Мәдени бағдарламаның жүргізушілері «Мәдениет саласының үздігі» Қалдырбаев Тохтарбек пен Қылышбаева Алтынай қазақ тілінде және Әмина Қайратова ағылшын тілінде жүргізді.

Өнерпаздардың өнеріне тәнті болған залдағы көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

«S’klass production» қоюшы-сценаристі және V дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы мәдени бағдарламалардың режиссері Сажида Саитова Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасынан алған әсерімен бөлісіп жылы лебізін білдірді.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының орындауындағы ән-шашуы, ұлттық – салт дәстүрімізді насихаттайтын театрландырылған қойлымдары және ұлттық бұйымдардың көрмесіне тәнті болдым. Осындай ауқымды шарада мыңға жуық ұжымның басын қосып, жоғары деңгейде өнер көрсету кәсіби шеберлікті талап етеді»,  - деді Сажида Саитова

Пікірлер