Астанада Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық акциялар өтті

1242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/izobrazhenie_2024-09-21_173400487.png
Бүгін – бүкіл әлемде Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day). Осыған орай, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» экологиялық акциясы аясында ҚР Мәдениет министрлігі өкілдерінің қатысуымен ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Сондай-ақ, Талдыкөл қалалық жағажайында «Көлді аяла» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны «Birgemiz:Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Сенбілікке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ республикалық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Акция аясында Талдыкөл қалалық жағажайында 100-ге тарта адамның қатысуымен бір тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Комментарии