Астанадағы дәмханалардың бірінде жарылыс орын алды

1430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_8188.png
Астанада палау орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна” ұлттық порталы Malim.kz-ке сілтеп. «Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған», - деп жазды басылым. Оқиға Балқантау көшесінде орналасқан «Плов Центр» дәмханасында болған. «Жарылыс болған жердің аумағы 60 шаршы метрді құраса, өрт аумағы 15 шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігі 50 литрлік 4 тұрмыстық газ баллонын сөндірді. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі үйінділерді тазарту жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Жарылыстан алты адам жарақат алып, жедел жәрдем бригадасына жеткізілді.
Комментарии