Президент мұрағаты Алматыдан көшеді. Тоқаев Жарлыққа қол қойды

1588
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/arhiv.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесін көшіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшеді. Үкіметке қайта орналастыруды 2025 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау тапсырылды. Мұрағаттың жаңа орны – Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 15-үй. Жарлық аясында мекеменің штаттағы жұмыскерлерінің санына өзгерістер енгізілді, қазір 168 адамды құрайды. Сондай-ақ, мекеме басшылары мен орынбасарларын тағайындау және босату ережелері нақтыланды.
Комментарии