Ер адам әйелін ұрып-соғып, оныншы қабаттан секіріп кеткен

1792
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Астанада ер адам әйелін ұрып-соққан. Артынша өзі оныншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған. Белгілі болғандай жұбайлар арасында жанжал туындағп, ер адам әйелін темір кілтпен ұрған.
"Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, бұдан кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Комментарии