АЭС туралы айтуға жарамады. Назарбаев дауыс беру кезінде тек бақыт тіледі

1425
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/47620892_0_0_1280_720_1280x0_80_0_0_455c76f640c0a2796087d5cc103cf926.jpg
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумад дауыс берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұрынғы мемлекет басшысы «Астана Опера» театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді. Дауыс беру кезінде алыс тұрған журналистер "Сіз Қазақстанда жүріп жатырсыз ба?" "АЭС туралы пікіріңіз қалай?" деп сұраған. Ол бар болғаны «Бақытты болыңдар! Табысты болыңдар!», - деген журналистерге. Экс-президент үшін залға микрофон қою қарастырылмаған. Журналистердің экс-президентке сұрақ қоймақ болған әрекеті жауапсыз қалды. Бұрынғы басшымен ілесіп жүрген баспасөз хатшысы Айдос Үкібай журналистер алдында экс-президенттің көмекшісі ғана сияқты әсер қалдырған. Дауыс беріп болған соң Назарбаев көп бөгелмей теріс айналып жүре берді. Оны қорғаушылары қаумалап жүргені байқалды.
Комментарии