Димаш Құдайбергеннің ұстазы референдумда дауыс берді

1180
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/aaa.jpeg
Аты әлемге әйгілі болған жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда өз таңдауын жасады. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады. «Дауыс беруге қатысу - біздің азаматтық жауапкершілігімздің айқын көрсеткіші. Сондықтан отандастарымды дауыс беруге шақырамын. Мен өз таңдауымды жасадым», - деп жазды М.Әйтімов. Бұған дейін, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы АЭС бойынша референдум орындалды деп саналатынын хабарлады. 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендердің саны 51,77 процентті құраған.
Комментарии