«Бәйтерек» қазақстандық мемлекеттік холдингі «Береке» банкінің 100% акцияларын Қатарлық банкіне сату жөніндегі мәмілені аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Береке" банкі - Ресейдің "Сбер" банкінің бұрынғы еншілес ұйымы.
«Келісімшарттың барлық шарттары тараптармен сәтті келісілді. Мәміле қазақстандық реттеуші органдардан барлық қажетті рұқсаттарды алды», - делінген хабарламада."Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметі «Береке Банк» алдағы уақытта да клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындайтынын айтты. 2022 жылдың наурыз айында ресейлік "Сбер" банкінің құрылымдары, оның ішінде қазақстандық еншілес ұйымы АҚШ-тың блоктау санкцияларына ұшыраған еді. Тамыз айында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі "Сбердің" еншілес компаниясын сатып алғаны туралы хабарлаған. Ал мәміле 2 қыркүйекте аяқталған. Осыдан кейін несие мекемесінің атауы «Береке банк» болып өзгертілді, ал жаңа иеленуші OFAC-қа санкцияларды алып тастау үшін құжаттарын тапсырды. 2023 жылдың 8 наурызында OFAC Bereke Bank-ті арнайы тағайындалған азаматтар (SDN) және Салалық санкциялар тізімінен (SSI) алып тастады. Lesha Bank Катар қор биржасында тіркелген, қаржы орталығының реттеуші органының банктік лицензиясына ие. Ол Катар, АҚШ, Еуропа, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы нарықтарда қызметтерді ұсына отырып, инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында жұмыс істейді.