Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?

1652
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/k-azak-standag-y-en-zhog-ary-zeynetak-y-molsheri-belgili-boldy_1696661430-960x500.jpg?token=0b10d37a77af2ca265ded3caa1ff5702
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 803 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 920,2 миллиард теңге қарастырылған. "2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге", - дпелінген хабарламада. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 413 мың адам.
Комментарии