Өлтіріп, өзенге лақтырған. Атырауда жоғалған қыздың денесін іздеп жатыр

1233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/1e420fb7e41c1066179c1359c2ed9cbb_original.1628882-1-960x500.jpg?token=9fe2114b49467c5c993a453a4b2565a4
Атырау қаласының тұрғыны, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылдың 18 қазанында үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Полицейлер қызды өлтіріп, өзенге лақтырып кеткенін анықтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» және «Адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыздың денесі әлі табылған жоқ. «Кешенді тергеу шаралары басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел іздестіру жұмыстары барысында күдіктілер тұншықтырып өлтіріп, қыздың денесін Махамбет ауданы Талдыкөл ауылындағы Жайық өзеніне лақтырып жібергені анықталды. Оны Атырау облысы ТЖД сүңгуірлерімен бірлесіп іздеуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Атырау облысының баспасөз қызметі.
Комментарии