Оқушы қыздар мектеп мұғаліміне қол көтергені анықталды

1656
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/oқushy-960x500.jpeg?token=bd74a9185d79b7f2e2d1002bc9b3f168
Әлеуметтік желілерде оқушы қыздардың мұғалімге шабуыл жасағаны түсірілген видео тарап, желі жұртын шулатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ұстазға қол көтерген қыздардың анасына айыппұл салынды. Мәліметке сәйкес, төбелес 7 қазан күні Өзбекстанның Сырдария облысында, №2 мектебінде болған. Бейнежазбада екі оқушының мұғалімге шабуыл жасап, шашынан тартып, ұрған. Сол сәтте жанындағы мұғалімдер оларға көмектеспек болған. Мектепте болған жағдайдан кейін қыздар мен олардың ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткен. Қақтығыс кезінде өзін дөрекі көрсеткен қыздардың анасына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 750 мың сом (28,2203 теңге) айыппұл салу туралы шешім қабылданды.
Комментарии