«Ерікті» ұғымы енгізілді. Мәжіліс соғыс жағдайына қатысты заң жобасын қабылдады

1194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6295-960x500.jpeg?token=11c183ddb99f74af1e945ed9578298b0
Мәжіліс депутаттары Қазақстан азаматтарына соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерде ерікті болуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Құжатқа сәйкес, енді заңнамада «ерікті» ұғымы пайда болады. «Құрамына еріктілер кіретін өзін-өзі қорғау құрамалары жергілікті әскери басқару органдарының негізінде құрылады және оларға тікелей бағынатын болады. Бейбіт уақытта дайындық бірқатар іс-шараларды, соның ішінде еріктілерді оқытуды қамтиды», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Мәжілісте. Заң жобасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан азаматтарының мобилизация, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында өзін-өзі қорғау құрылымдарына ерікті түрде қосылу мүмкіндігі қарастырылады.
Комментарии