Алматы маңында жиһаз цехы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Алматы-Бішкек» автожолының 18 шақырымында орналасқан жиһаз цехында өрт шықты. Қызыл жалын салдарынан 2 адам жеңіл жарақат алған.
Алматы облысы ТЖД мәліметінше өрт бүгін шамамен 13:19-да шыққан. Қаскелең қаласындағы 101 байланыс пунктінің желісіне матрацтар өндіретін жиһаз цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 27 қызметкері мен 9 бірлік техникасы, Алматы қаласы ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылған."Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 231 ш.м. матрацтар шығаратын жиһаз цехының жанып жатқаныанықталды, қабылданған шаралармен өрт 14:07-де жойылды. Жалын салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.