Макрон Х желісіне қазақ тілінде пост жариялады

929
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

5 қарашада Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мен Франция халықтарын біріктіретін берік достық туралы мәлімдеме жасап, оны X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) қазақ тілінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.
Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз”, деп жазды Макрон.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 қарашада мемлекеттік сапармен Францияға барған болатын.

 

Пікірлер