Ресей министрінің АЭС жайлы пікірі қолқалауға ұқсады

1771
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/df01c533-16ad-4f46-8784-ef393066ddcb-960x500.jpeg?token=5d9e50ea32fc92599662b19adc4463de
Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі мәлімдеді. «Ресей көмектесуге ғана емес, нақты ұсыныстарын да беріп үлгерді», – деді Сергей Лавров Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында сөйлеген сөзінде. Оның сөзінше, Ресей билігі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған референдумның барысы мен нәтижелерін бақылаған. Лавров «Росатом» корпорациясы өзінің барлық біліктілігін ұсынуға және ынтымақтасуға толықтай дайын екенін де атап өтті. Еске сала кетсек, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда оң шешім қабылданды. Энергетика министрі АЭС-ке қатысты арнайы үкіметтік комиссия құрылатынын айтқан. Бұл комиссия конкурстық процеске қатысатындармен ашық конкурстық диалогты бастамақ.
Комментарии