Су тасқыны кезінде халықты көмекке шақырып, қаржы жинаған Перизат Қайрат "қаржы жымқырды" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаржылық мониторинг агентігі Перизат Қайратты 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін екенін хабарлады.
Агенттік Перизат Қайраттың ұсталуына байланысты әдеттен тыс көбірек мәлімет таратып отыр. Бұл мәліметтердің сот өтпей жатып жариялануы көптеген сұрақ туғызады. Агенттіктің ресми жариялаған ақпаратына қарағанда мынандай жайлар белгілі болған.
Перизат Қайрат аз уақытта:
- Mercedes-Benz S450 — құны 88 миллион теңге;
- Lexus LX-600 — құны 80 миллион теңге;
- Haval — құны 39 миллион теңге тұратын көліктер сатып алған болуы мүмкін.