Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малды қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Машинист шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.
"Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 3 ірі қара малды қағып кетті. Пойыз 18 минутқа тоқтап қалды".Polisia.kzТексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, Арқалықтың 54 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.