Магнитудасы - 4,8 балл. Анталияда жер сілкінді

1293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

Түркияның Анталия қаласында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AFAD-қа сілтеп.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 балл болған.

Газипаша ауданында, Лиман мен Алтынқұмда және Аланьяда жерасты дүмпулері сезілген. Түркияда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:13-тен 23:32-ге дейін бірнеше жерасты дүмпулері тіркелген, 34 шақырым тереңдікте болған. Олардың ішінде 4,8 балдық алғашқы жер сілкінісі басқаларына қарағанда қатты сезілген. Анталия әкімшілігінің басшысы Мухитдин Бечек жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Комментарии