Әскери ғылымдар академиясының президенті Мұхтар Серкпаевтың билікті сынаған видеосы желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Видеода Мұхтар Серкпаев Қазақстанның Ресейге толықтай тәуелді болу қауіпі барын айтады.
«Халық арасында елдің сатылып жатқандығы туралы пікір таралуда. Бұл уран кеніштері мен алтын шахталарын, энергетикалық құрылымдар мен атом электр станцияларын Ресейге сату мәселелеріне байланысты айтылып жатыр. Нәтижесінде Қазақстанның толықтай Ресейге тәуелді болуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл жағдай елдің экономикалық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Біз өз жерімізде, өз елімізде Палестина сияқты болуымыз мүмкін. Сондықтан, билік басындағылар бұл мәселені
Айта кетейік, Мұхтар Серкпаев - әскери ғылымдар бойынша маманданған профессор, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Ғылым академиясының толық мүшесі, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының А.Свечин атындағы және 21 ғасыр қауіпсіздігі сыйлығының лауреаты.