Үш адам қаза тапты. Тағы да Alphard апаты

1281
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/22e34862-40b8-4479-970c-8e87cbb2f2d7.jpeg

Қостанай облысындағы тас жолда жол апатынан үш адам мерт болды. Бұл туралы полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкнс, қайғылы оқиға Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында болды. Яғни, 16 желтоқсанда сағат 15.00-де Қарасу ауданы Герцен кентінен 10 шақырым қашықтықта. Тағы үш адам зардап шекті. 

Апатқа аймақ полицейлері түсініктеме берді. ПД баспасөз қызметі жол апатына ұшырағандар Volvo және Toyota Alphard автокөліктері екенін нақтылады. Қаза болғандардың барлығы Toyota Alphard көлігінде болған.

«Апаттан кейін алған жарақаттарынан үш адам қайтыс болды, тағы үшеуі аудандық ауруханаға жатқызылды. Полиция тергеу бастады», деді Қостанай облысының полицейлері.

Комментарии