«Росатом» компаниясының еншілес ұйымы «СП «Заречное» акционерлік қоғамындағы өз үлесінің 49,98%-ын Қытайдың SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатты. Сонымен қатар, «СП «Хорасан-U» ЖШС және «Кызылкум» ЖШС-нің 30%-ын Қытайдың China Uranium Development Company Limited компаниясына тапсыруды жоспарлап отыр, оның соңғы бенефициары – CGN компаниясы (Қытай). Бұл туралы компанияның баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстандық оператор өз үлесін сақтап қалады: «Заречное» компаниясында 49,98%, «СП «Хорасан-U» ЖШС-інде 50%, және «Кызылкум» ЖШС-інде 50% (косвенный) үлес.
«Қазатомпром» – әлемдегі табиғи уран өндірісінің шамамен 20%-ын қамтамасыз ететін ең ірі өндіруші компания. 2023 жылы компания 26 кен орнын игеруді. Сонымен қатар, еншілес және тәуелді ұйымдарымен

Әртүрлі сарапшылардың айтуынша, бұл мәмілелер Қазақстан үшін, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімді. Ресейлік компанияның нарықтағы үлесінің азаюы санкциядан төнетін қатерлі төмендетеді және елге жаңа нарықтар ашады.