Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

1501
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3751-960x500.jpeg?token=1df952b192e868204e2aa57c928a6c2b
Бүгін Жамбыл облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап. Ақпаратқа сәйкес, 18 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 18:11-де  Тараз қаласынан шамамен 108 шақырым батыста жер сілкінісі болған. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 42.82 градус, шығыс бойлық 70.22 градус. Магнитудасы – 3,6. Энергетикалық класы – 8,5. Тереңдігі – 8 километр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, бүгін қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында да жер сілкінісін тіркегені туралы жазған едік.
Комментарии