Екібастұзда жылу құдығынан әйел адамның мәйіті табылды

1322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Екібастұздағы коллектордан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. М.Жүсіп - Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығы жанған. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 18 желтоқсанда түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның мәйіті табылыпты. Аталған фактіні 112 қызметкерлері растаған. Мүрде жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды. Екібастұз полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Комментарии