Ақтауда ұшақ апатында жоғалған жолаушы тірі табылды

8201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/img_2946.jpeg
Ақтау маңында орын алған әуе апатынан кейін із-түзсіз жоғалған әзербайжандық әйел Муслюмат Сираджова табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жергілікті БАҚ оның ауруханаға кома жағдайында түскен, бірақ қазіргі уақытта есін жиып, өз-өзіне келгенін хабарлаған. Әзербайжанның Загаталь ауданының тұрғыны  Нурулла Сираджов есімді ер адам апаттан кейін әйелін таба алмай, алаңдағанын жеткізген.
”Қазір қандай жағдайда екенін білгім келеді. Онымен кездескім келеді. Ұшақта бірге отырғанбыз. Одан кейін көрмедім. Мен сағынған жалғыз адам - әйелім", – деген болатын ол.
Қазір Муслюмат Сираджова есін жиып, аты-жөнін айта бастаған. Оның жанында ұлы бар екені хабарланды. Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе жолдарының (AZAL) Embraer 190 ұшағы Баку–Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын.
Комментарии