Шешенстанда Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

1626
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/foto-pobeda26-ru.jpg
2024 жылдың 28 желтоқсанында Шешенстан Республикасында Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты қаралы күн жарияланды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың жарлығында айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеп.
«2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ақтау қаласы маңында Баку – Грозный бағытында ұшқан Embraer 190 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қаза тапқандарға қайғырып, олардың жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, 2024 жылғы 28 желтоқсанды Шешенстан Республикасында қаралы күн деп жариялаймын», – делінген жарлықта.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Баку – Грозный бағытындағы ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Апат болған ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қайтыс болды. Ұшақтың экипажынан 3 адам аман қалды. Ресей президенті Путин Әзербайжан президенті Әлиевтен кешірім сұрағағанын жазған едік.
Комментарии