Қайран, 2025. Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 сәби дүниеге келді

1341
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sәbi-saudasy-960x500.jpeg?token=81e5c8337705ac19b220057f5e96e98c
Жаңа жыл қарсаңында елімізде 181 бала дүниеге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеп. Дүниеге келген сәбилердің 105-і ұл, 76-сы қыз. Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби, екінші орында-Алматы қаласы мен Алматы облысы. Онда 17 жаңа туған нәресте дүниеге келген. Үшінші орында 16 сәбимен Шымкент қаласы тұр. Маңғыстау облысында бір егіз туылды. Астана қаласында жаңа жыл қарсаңында дәл осы күні өткен жылдағыдай 10 сәби дүниеге келді.
Комментарии