Тоқаев Куба президентін Революция жеңісі күнімен құттықтады

1288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/photo_2025-01-01_16-00-11.jpg
Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
Комментарии