Елде жаңа жыл кезіндегі салюттен 65 адам зардап шеккен

1295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_3419.jpeg

Жаңа жылдық мереке кезінде Қазақстанда 63 адам салюттан зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зардап шеккендердің 20-сы бала. Бес бала ауруханаға жатқызылған. Ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаторлық ем алуда.

Атап айтқанда, Алматыда 19 адам, Жамбыл облысында 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкентте алты адам жарақат алған. Ақтөбе облысында – екі адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – бір адамнан зардап шеккен. Зардап шеккендердің барлығына көз жарақаты, қасаң қабықтың күюі, күйік және қолдың жарақаты диагнозы қойылды.
Комментарии