Ақтауда апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты министрлік мәлімдеме жасады

1319
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/036a993a-03a9-476b-b533-e6e3001dbab6-960x500.jpeg?token=1137d1304f2fbc6a43928d3ef4f4a479
Алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келіп, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың Бразилияда талданған қара жәшігінің деректерін ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Комиссия мүшелері келгеннен кейін қара жәшіктердің деректерін зерделеуге дереу кіріседі», – делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктері деректерін талдау жұмыстары аяқталғанын хабарладық.
Комментарии