Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді

1588
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/43f67d91-8d09-43bd-a870-e942cb857799.jpeg
Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде өтеді және сол штаттың зиратына жерленеді. Бұл туралы Америкадағы қазақстандықтар агенттікке мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00–де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00–де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00–де Parklawn Memorial зиратында өтеді”, — деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында. Еске сала кетсек, бүгін таңда белгілі жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та 85 жасында дүниеден озды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Комментарии