Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан ЖОО ғимаратының төртінші қабатындағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратындағы өртті сөндіруге 60-қа жуық адам тартылды.
"Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы жеке құрамнан 59 адам және
16 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір төтенше жағдайға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз