Жарыс кезінде Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесі табылды

1313
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/photo_2025-01-05_07-17-23-960x500.jpg?token=96559a4c4f796a3141fb5c05333da3d8
Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Abai News-ке сілтеме жасап. 10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушылардың бірінің денесін тапқаны туралы ақпарат түскен. Хабар түскеннен кейін ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, кейін дене туыстары арқылы анықталды. Қазіргі уақытта екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстары күндізгі уақытта күн сайын жалғасуда. Іздеу шараларына 100-ден астам адам, моторлы 13 қайық, 2 пилотсыз ұшу аппараты, 3 эхолот және 1 суасты дроны тартылған. Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Абай облысында жарыс кезінде автокөліктің Ертіс өзеніне құлап кеткені туралы жазған едік.
Комментарии