Астана әуежайы араб инвесторынан коммуналдық меншікке өтті

1254
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/foto-ufa-rbc-ru.png
Terminals Astana Airport Management ЖШС мен араб компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның барлық акциялары Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттқ порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеп. «2023 жылдың 7 қарашасында басталған сенімгерлік басқару шартының мерзімі 2025 жылдың 7 қаңтарында аяқталды. Әуежай акцияларының иесі өзгергеніне байланысты қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде. Айта кетейік, 2023 жылы қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған болатын. Енді әуежайдың болашақтағы қызметі жаңа шарттар негізінде ұйымдастырылмақ.
Комментарии