Легионер Елена Рыбакина жарақаты туралы айтты

1082
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында үшінші айналымдағы ойыннан кейін жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Легионер теннисші әлемнің 33-ракеткасы, украиналық Даяна Ястремскаямен өткен матч барысында беліндегі жарақатқа байланысты үш рет медициналық көмекке жүгінді.

"Шынымды айтсам, бәсекенің қалай бітетінін білген жоқпын. Жарақаттың қайдан болғаны белгісіз. Бұл оңайға түспеді. Ұзақ ойнау ауыр тиетінін түсіндім, сондықтан белсендірек қимылдап, кейде тәуекелге баруға тура келді. Матчтың нәтижесі менің пайдама шешілгеніне шынымен қуаныштымын", - деді ол.

Сондай-ақ, ол әлі толық емделмегенін айтты.

"Бәрі қалыпқа түсе қойған жоқ. Физиотерапевтім маған көмектеседі деп үміттенемін", - деді Рыбакина матчтан кейін.

Қазақстандық теннисшінің жарақатына байланысты өткен жылы Париж Олимпиадасына қоса АҚШ ашық чемпионаты, Сеул, Бейжің сияқты ірі жарыстарға қатысудан бас тартқан болатын.

Пікірлер