"Бос уақытымда ойнап көремін". Премьер-министр отандық ойынға қолдау көрсетуге шақырды

1218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/olzhas-bektenov-үkimet-otyrysynda-960x500.jpeg?token=b29b7e5a3a57b3928a1d755bf239062b
Премьер-министр Олжас Бектенов әріптестерін бос уақытында IT-мамандар ойлап тапқан отандық ойынды ойнауға шақырды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бүгін Үкімет отырысында IT саласының мамандары GTA-ға ұқсас отандық ойынды таныстырды. Олардың айтуынша, ойынды App Store-дан жүктеп алуға болады. Премьер-министр Олжас Бектенов бос уақытында ойынды ойнап көретінін айтты. «Жүктеп аламын, бос уақытымда ойнап көремін. Егер ойын ойнасақ, отандық ойынды таңдайық. Мен барлығын осыған үндеймін. Білемін, біздің жас әріптестеріміз де ойнайды», - деген ол цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне отандық компанияларды қолдауды тапсырды.
Комментарии