ЕО елдеріне ресейлік дипломаттардың қозғалысын шектеу ұсынысы жасалды

1361
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_1125-960x500.jpeg?token=b031406a129a3ab919d58f3310343ff1
Германияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақ елдеріне Ресейден туындайтын гибридтік қауіп-қатерлерге қарсы шараларды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бұл туралы Politico еуропалық басылымы дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді. Ақпаратқа сенсек, Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок министрлік дайындаған ұсыныстарды таратып, «үйлестірілген шараларға жол ашуды» көздеген. Германия СІМ ресейлік дипломаттарға қысым жасау мақсатында аккредитация мерзімін қысқарту және қозғалыс еркіндігін шектеу туралы ұсыныстар әзірлеген. Бұл ұсыныстар келесі аптада Брюссельде өтетін ЕО-ның сыртқы істер министрлері кездесуінде талқыланады.  
Комментарии