Туыстық атаулар

4257
Adyrna.kz Telegram

Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.

Бажа. Бір    адамның    немесе    ағайынды    кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасыңдағы туыстық қатынастың атауы.

Балдыз. Әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

Ене. Ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.

Құда. Күйеу мен қалындықтың  (ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

Құда бала. Құдасының   баласы   (ұлы)   т.   б.   жасы кіші туысы.

Құдағи. Күйеу   мен  қалыңдықтың   шешелері  немесе әжелері.  (Құдаңдал адамдардың әйелдері).

Құда-жекжат. Ілік-шатыс құда адамдар.

Құдандалы. Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.

Құдаша. Ерлі-зайыпты адамдардың  жасы  кіші  әйел туыстары; құдандалы адамдардың қыздары.

Жиен. Күйеуге шыққан қыздан туған бала.

Жиеншар. Жиеннен туған бала.

Жеңге. Жасы үлкен ағасының келіншектері.

Жезде. Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Киіт. Құда-қүдағиларға  киім-кешек түрінде берілетін сыйлық.

Күйеу. Әйелдің ері, жұбайы.

Келін. Ата-ана    үшін   баласының    әйелі    де,    жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

Қайын. Қыз  алып,  қыз  берген  екі  елдің күйеу  мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

Қайын аға. Ерлі-зайыптылардың туған және туыскан ағалары.

Қайын ата. Күйеу мен келіншектің туған әкелері.

Қайын   ене. Ерлі-зайыптылардың  туған   шешелері.

Қайын      бике. Күйеуінің туған – туысқан әпкелері.

Қайын сіңлі. Күйеуінің қарындастары.

 

Пікірлер