Қайсар Жұмабайұлы жаңа қызметке тағайындалды

1310
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/photo-output-19.jpeg
Қайсар Жұмабайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қайсар Жұмабайұлы — БАҚ және PR саласында мол тәжірибесі бар. Ол Алматы қалалық «Столичное обозрение» газетінде жұмыс істеген. “Шаһар” телерадио кешенінде қызмет атқарған. “Қазақстан” РТРК және “Хабар” агенттігінде еңбек еткен. TSC-group инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы, Астана әкімінің кеңесшісі және “Елорда Аqparat” медиа-ресурсының басшысы қызметтерін атқарды. Ол Президент әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Тұңғыш Президент қорының стратегиялық коммуникациялар орталығының жетекшісі, сондай-ақ “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры лауазымдарында қызмет етті.
Комментарии