Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алынған

1088
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/panorama-013-960x500.jpg?token=2f9b7473b62de97e6fcdba74ec239b1a
Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Түркістан арнасына сілтеме жасап. Бүлдіршін бір ай бойы асқазан ауырсынуы, әлсіздік, тәбет жоғалту сияқты белгілермен ауырған. Ота кезінде дәрігерлер қыздың асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шашты алып шыққан. Асқазаннан алынған шаштың салмағы 1 келіге жуық болған. Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылды. Бір апта бойы ауруханада ем алған қыз баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Анасының айтуынша, қыздың ауырғанына бір ай болған. Ол асқазан аймағы ауырсынып, әлсіреп, тәбеті болмай шағымданған.
Комментарии