ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты өз шешімін жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Informburo.kz-ке сілтеп.
Оған сәйкес, әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуының оқасы жоқ. Дегенмен, олардың үйінде оқығаны абзал.
Бөлім сарапшылары бұл ретте Мұхаммед пайғамбардың "Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы", – деген сөзін алға тартады.
"Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла елшісі: "Үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы", – деген. Ал жасы үлкен қарт әйелдердің таң
ҚМДБ ұстанымы бойынша, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ. Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу.